Премьер-министр Әлихан Смайылов Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысын өткізді, онда «Air Astana» АҚ акцияларының бір бөлігін бәсекелестік ортаға беру жоспарлары талқыланды.
Талқылау қорытындысы бойынша мемлекеттік комиссия «Air Astana» АҚ-ны IPO-ға шығаруға қатысты ұсынылған тәсілдерді, мерзімдер мен құрылымын қолдады, бұл «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі акциялар пакетінің мөлшерін «Air Astana» АҚ-ның орналастырылған акцияларының жалпы көлемінің 51%-дан аз деңгейіне дейін төмендетуді көздейді.
«Air Astana» АҚ IPO-сын өткізу Жекешелендірудің кешенді жоспары аясында жоспарланып отыр.
Қорытындылай келе, Премьер-министр мүдделі мемлекеттік органдарға бірқатар тиісті тапсырма берді.