• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Жастар 16 Қазан, 2023

IT-индустрия өкілдерімен кездесті

151 рет
көрсетілді

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Digital Nomads қауымдастығының өкілдерімен кездесті. Бұл – шетелде тұратын және әлемнің жетекші технологиялық компанияларында жұмыс істейтін азаматтарымызды біріктіретін жоба. Олар қазір елордамызда өтіп жатқан Digital Bridge халықаралық технологиялық форумына қатысу үшін Астанаға арнайы келген.

Палата спикері соңғы жылдары Digital Bridge форумы айтарлықтай кеңейіп, IT-индустрияны дамыту саласында танымал және беделді алаңға айналғанын айтты. Биыл аталған Форумға 20 мыңнан астам адам қатысып жатыр. Олардың қатарында 300-ден астам IT-компанияның өкілдері мен 30 елден келген делегация мүшелері бар.

Сенат төрағасы елімізде ІТ саласына жоғары деңгейде баса мән беріліп келе жатқанын тілге тиек етті. Еліміз электронды Үкімет пен финтехті дамыту индексі бойынша әлемдік көшбасшылар қатарында екенін жеткізді.

«Мемлекет басшысы таяуда жариялаған Жолдауында ІТ саласына ерекше көңіл бөлді. Президентіміз 2026 жылға қарай ІТ қызметтерінің экспортын бір миллиард долларға жеткізу жөнінде стратегиялық міндет жүктеді. Осыған байланысты Парламент­тің алдында аталған тапсырманың орындалуын қажетті құқықтық базамен қамтамасыз ету міндеті тұр. Еліміздегі қазір қолданыстағы және қалыптасып жатқан құқықтық жағдай халықаралық компаниялардың біздің нарық­қа келуін ынталандыруы керек. Сондай-ақ қазақстандық IT-компаниялардың дамуына ықпал етуге тиіс», – деді Мәулен Әшімбаев.

Кездесу барысында Қазақстанда IT-саланы қоғамның сұраныстары мен жа­һандық трендтерді ескере отырып да­мытудың келешегі талқыланды. Жасан­ды интеллекттің дамуына қатысты сын-қатерлер де назардан тыс қалған жоқ. Соны­мен қатар іс-шарада жастар өз тәжі­ри­белерімен бөлісіп, саланың сапасын арт­т­ыру­ға арналған жобаларды іске асыру жөнін­дегі ұсыныстарын ортаға салды.