Тәжікстанның Худжанд қаласында 2003-2005 жылғы спортшылар арасында осы айдың 12-15 күндері аралығында белбеу күресінен әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем елдерінің 25 құрама командасынан 250 спортшы қатысқан жарыста Қазақстан спортшылары да бар. Астаналық спортшы Мадина Жомартова 52 келі салмақ бойынша белдесіп, әлем чемпионы атанды.