• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Тұлға 16 Қазан, 2023

Серік Ақсұңқарұлы: «Адамзат-нама» атты поэма-хамсаны 46 жыл жазып, тәмамдадым

448 рет
көрсетілді

Ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Серік Ақсұңқарұлы әлеуметтік желідегі парақшасында «Адамзат-нама» атты поэма-хамсаны тәмамдағанын (1977–2023 жж) жазды. Осы орайда ақынның өзіне хабарласып, аз-кем тілдестік.

«Хамса деген 5 поэмадан тұрады, соңғы тұсын бүгін аяқтадым. 46 жыл жаздым. Көлемі - 5 баспа табақ. Кітап болып қашан шығатыны белгісіз, Құдай біледі. Ұзақ жылдар бойы жазған осы «Адамзат-нама» поэма-хамсам Адам ата мен Хауа ана жаралғаннан бастап, жалпы бүкіл адамзат проблемалары туралы жазылған, оның ішінде ең бірінші орында Алаш тұр», деді ақын Серік Ақсұңқарұлы.