• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Қазан, 2023

Қоңыр күзде жер көктеді

193 рет
көрсетілді

Өңірде шабындықтар мен ерте орылған алқаптар қайта көктеп жатыр. Шаруалар мұны күзге салым басталып, бір ай бойы толассыз жауған жаңбырдан кейінгі құбылыс деп отыр.

Мамандардың айтуынша, тамыз айы мен қыркүйектің ортасына дейін топырақ­қа 170 мм ылғал сіңген. Жауын-ша­шын­ның мол болғаны сон­ша­лық, тіпті кей күндері ылғал мөл­шері әдеттегіден 7-8 есе асып түскен.  Табиғаттың мұн­дай тосын құбылысымен диқан­дар соңғы 36 жылдан ке­йін ғана бетпе-бет келіп отыр.

Жергілікті шаруалардың кө­бі биыл арпасы мен сұлысын күз­дің қара жаңбыры басталмай жа­тып ерте жинап алған. Қазір сол ал­қаптарда топыраққа түс­кен дән өніп, көктеп, кө­тері­­ліп,  көктемде еккен егіс­тік­тен де жақсы жайқалып тұр. Мы­салы, Науырзым өңі­рін­дегі ша­руашылықтың сұ­лысы дәл осылай бойлап өсіп кетіпті. «Бірақ бұл сұлы пісіп үлгермейді.  Дәл осы қалпында орып алуға да, мал жаюға да болады. Бірақ қазір қарбалас науқан жүріп жатыр. Мойын бұруға уақыт жоқ. Бар күш-қуатымызды алқапта қалған бидайымызды жинап алуға жұмсап жатырмыз», дейді шаруашылық басшысы.

Осылайша, биылғы күз егін­­ге қолайсыз болғанымен, төрт тү­лікке жайлы болып тұр. Тіп­ті осыдан бір жарым-екі ай бұ­рын шабылған шабындық­тар да қайта көктеп жатыр. Қыс­қы шөбін қамдап алған ­соң, ша­руа­­лардың біразы әдет­те ша­бын­­дығын маңайын­да­ғы қа­ра­па­йым халықтың малы­на бо­са­тып береді. Қазір қол­дағы мал­дың дені осы көк май­са ша­бын­дықтарда жатыр. «Кәдім­гі көк­тем сияқ­ты. Бұл енді ша­был­­майды ғой. Дегенмен, мұн­дай отқа жайылған мал қысқа қоң­­ды кіреді. Жаңбыр жауып, аяғы аяз­ға ұласып, мұз болып қа­­­тып қалмаса, бұл  шөп қыс­­та жыл­­­қының тебініне де жақ­­сы болады», дейді малсақ аға­йын.

 

Қостанай облысы