• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Хоккей 16 Қазан, 2023

Овертаймда жеңілді

160 рет
көрсетілді

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) өнер көрсететін Астананың «Барысы» қатарынан екінші кездесуінде жеңіл­ді. Жерлестеріміз бұл жолы Магнито­гор­дің «Металлург» клубына есе жіберді.

Кездесудің алғашқы кезеңін «Барыс» ойын­шылары жап-жақсы бастаған еді. 15-минутта Райли Барбер есеп ашып, «Барыс Аренаға» жиналған жанкүйерлерді қуантса, екінші ке­зеңнің 23-минутында Роман Старченко сан басымдығынан кейін есепті 2:0-ге жеткізген-ді. «Металлург» хоккейшілері өз қақпасына екінші шайба өткізіп алған соң қарқынын күшейтті. Нәтижесінде, 26-минутта Данила Юров есеп айырмасын қысқартып, 36-минутта Никита Гребёнкин таразы басын теңестірді. Арада бір минут өткенде «Барыстың» экс-шабуылшысы Никита Михайлис «Металлургті» есепте алға шығарды – 3:2.

Үшінші кезеңнің аяқталуына екі минут қалғанда «Барыстың» чехиялық легионері Рудольф Червени мергендік танытып, командасын жеңілістен құтқарып қалды. Бірақ овертаймға ұласқан ойында «Металлургтің» бағы жанып, жеңісті жұлып алды – 4:3. Жеңіс шайбасының авторы – Денис Зернов.