• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 17 Қазан, 2023

Әлеуметтік кепілдік жүйесі

221 рет
көрсетілді

Еңбекші қауым үшін күн­көріс көзі ретінде жұмыс ор­ны маңызды құндылық сана­лады. Сондықтан да аза­маттар нәпақысын айы­рып отырған жұмысынан айырылып қалмауға қашанда мүдделі. Ал әлеуметтік жа­ғы­нан сақтандырылған жұ­мыс­шылар болса, мұндай тәуе­келдер туындаған жағ­­дай­да көптеген көмек түрі­не арқа сүйей алады. Айта­лық, бүгінгі таңда елімізде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйе­сіне шамамен 6,9 млн жұмыс істейтін азамат қатысады және олардың 1,2 млн-ға жуы­ғы жыл бойы әлеуметтік тө­лемдер алады.

Жұмыс істейтін азаматтар үшін мін­детті әлеуметтік сақтан­ды­ру жүйесіне қатысудың өз ар­тық­­шылықтары бар. Бұл туралы бізге «Мемлекеттік әлеуметтік сақ­­тандыру қоры» АҚ бас дирек­то­ры­ның орынбасары Алиса Қайыр­­бекова жан-жақты мәлімет берді.

Оның айтуынша, жұмысшылар әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда бюджеттен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды ала отырып, бұған қоса МӘСҚ-тан әлеуметтік төлемдер алады. Жүйе әлеуметтік тәуекелдердің алты түрін қамтиды. Бұл – еңбекке қабілеттіліктен айырылу, асырау­шысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүктілік пен босану, жаңа туған баланы асырап алу, сондай-ақ бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайлары. Осы орайда жұмыс істейтін азаматтар жұмысқа орналасу кезінде еңбек шартын жасауды қаперінде ұстау қажет. Бұл жағдайда жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен қорға қыз­меткердің кірісінің 3,5% көлемінде әлеуметтік аударымдар төлеуге жауапты болады.

– Еңбекке қабілеттіліктен айы­рылу жағдайы бойынша әлеу­мет­тік төлем медициналық-әлеу­мет­тік сараптама жалпы еңбек­ке қа­білеттіліктен айырылу дәре­же­с­ін 30%-дан 100%-ға дейін бел­гі­леген кезеңге тағайындалады. Бұл төлемнің ең ұзақ мерзімі – кө­мек алушының зейнет жасына же­туіне дейін. Ал асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеу­меттік төлем – асыраушының асы­рауындағылары 18 жасқа толғанға дейін, ал күндізгі оқу нысаны бо­йын­ша оқығанда 23 жасқа дейін тағайындалады. Жыл сайын Үкімет қаулысы негізінде мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылармен бірге МӘСҚ-тың ұзақмерзімді төлемдері де артады. Биыл төлемдер 1 қаңтар­да және 1 шілдеде екі рет көтерілді, жыл­дық мәндегі мөлшері 23%-ға артты. Осы жылдың 8 айында асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерді 61 мыңнан аса отбасы алды, ал ең­­­бекке қабілеттіліктен айырылу жағ­­­дайы бойынша әлеуметтік тө­лем­­дерді 95 мың адам алды. Осы мақ­­саттарға қордан шамамен 42 млрд теңге жұмсалды. Егер мін­­детті әлеу­меттік сақтандыру жүйе­­сі­не қатысушы жұмысынан айы­рыл­са, онда мансап орталы­ғын­да жұ­мыссыз ретінде тіркел­ген­нен кейін ұсынылатын белсенді шара­ларға қосымша, жұмыстан босату себебіне қарамастан, қордан жұ­мы­сынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем жүзеге асырылады. Бұл бағытта осы жылдың 8 айында шамамен 140,5 мың адам­ға 29 млрд теңге төленді, – деді А.Қайыр­бекова.

Сонымен қатар спикер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде ана мен баланы қолдау ерекше рөл атқаратынын атап өтті. Оның айтуынша, жыл сайын қордан тө­ленетін әлеуметтік төлемдердің ша­мамен 85%-ы ана болуды қол­дау мақсатында жүзеге асырылады. Мәселен, жұмыс істейтін әйел республикалық бюджеттен тө­ле­нетін бала тууға арналған мем­лекеттік жәрдемақыдан басқа қордан жүктілікке және босануға байланысты демалыс басталғанға дейінгі кейінгі жылдағы орташа айлық кірісінің 4 еселенген мөл­шеріне тең жүктілікке және бо­сануға байланысты біржолғы әлеу­меттік төлем алады. Ал бала ту­ғаннан кейін оның күтіміне байланысты төлем ананың кейінгі 2 жылдағы орташа айлық кірісінің 40%-ын құрайды. Тиісінше мұндай әлеуметтік төлем көлемі жұмыс істемейтін анаға республикалық бюджеттен төленетін бала күтімі бойынша ұқсас мемлекеттік жәр­дем­ақыдан жоғары.

Ана болуды қолдаудағы маңыз­д­ы өзгерістердің бірі 2023 жылғы қаңтардан бастап бала күтімі бо­йынша әлеуметтік төлемнің ұзақ­тығының 1 жастан 1,5 жасқа дейін ұлғаюы болды. Биыл 204 мың әйел жүктілікке және босануға байланысты төлемді алыпты. 207,8 мың қатысушыға бала күтімі бо­йынша төлем тағайындалды. Осы мақсаттарға биыл 8 айда 401 млрд теңгеден аса қаражат бағытталған.

Сондай-ақ азаматтар үшін үй­ден шықпай-ақ қызмет алуға жағ­дай жасалып жатыр. Қазіргі уа­қытта электрондық көздер ар­қы­лы жүгінген азаматтарға та­ғайын­далған әлеуметтік төлем­дер­­дің үлесі 56,5%-дан асады. Мы­салы, ең көп сұранысқа ие бол­ған – жұмысынан айырылу және бала күтімі бойынша әлеу­меттік төлемдерді электронды түр­де тағайындау қызметтері. Бұл қызметті алу үшін egov.kz элек­трондық үкімет порталы арқы­лы; «Еңбек» электрондық ең­бек биржасы арқылы; мансап орта­лы­ғында жұмыссыз ретінде тірке­лу кезінде (қызмет көрсетудің ком­позиттік форматы); Халық банкі­нің мобильді қосымшасынан; дәс­түр­лі түрде Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінуге болады.

– Әлеуметтік төлемдерді әлеует­ті алушыларды қамту жө­нін­дегі мақсатқа қол жеткізуде 2022 жылдың қыркүйегінен бас­тап «Отбасының цифрлық кар­тасы» ақпараттық жүйесін проак­тивті қызметтер көрсетуге енгізу маңыз­ды болды. Жүйе өз құқығын іске асырмаған әлеуетті алушыларды автоматты түрде айқындайды және оларға онлайн форматта төлем алу үшін жүгінуге мүмкіндік бере отырып, бірнеше смс хабарлама жібереді. Электрондық қызметтердің өсуі жағдайында біз әлеуметтік төлемдерді тағайын­дау бойынша бизнес-үдерістерді оңтай­­ландырамыз. 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілген Әлеуметтік кодексті іске асыру үшін әлеуметтік тө­лем­дерді тағайындаудың жаңа ере­же­лері қабылданды. Онда электрондық көздер арқылы келіп түс­кен іс макеттерін автоматты түр­де қалыптастыру жөніндегі нор­ма көзделген. Осылайша, Мем­лекеттік корпорацияны осындай қызметтер бойынша бизнес-үдерістен шығару әлеуметтік тө­лем­дерді тағайындау мерзімін 8 жұмыс күнінен 4 жұмыс күніне дейін қысқартуға мүмкіндік бер­ді. Қордан төленетін барлық әлеу­меттік төлемнің көлемі жеке есеп­телетінін және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы қызметкер үшін қорға төленген әлеуметтік аударымдардың уа­қы­­тылы және толық төленуіне тікелей байланысты екенін атап өтемін. Сондықтан біз әрқашан жүйеге қатысушыларға әлеуметтік аударымдарды төлеудің толықты­ғы мен уақыттылығын кез келген ыңғайлы тәсілмен: egov.kz элек­трондық үкімет порталында не «Аза­маттарға арналған үкімет» мем­лекеттік корпорациясының бөлім­шесіне (Халыққа қызмет көр­се­ту орталықтары) немесе Қор­дың филиалына жүгіну арқы­лы тексеруді ұсынамыз, – деді А.Қайыр­­бекова.