Бүгін Астанада Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері ақын Несіпбек Айтұлының жаназа намазы оқылып, ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Марқұм Астана маңындағы Ұлттық Пантеонға жерленді. Қаралы жиында аға буын өкілдері, үзеңгі замандастары, кейінгі толқын ақын жайлы қимастықпен естелік айтып қоштасты.