• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Олимпиада 19 Қазан, 2023

Бағы жанған бес спорт түрі

226 рет
көрсетілді

2028 жылғы АҚШ-тың Лос-Анд­желес қаласында алауы тұ­та­натын Олимпия ойындарын­да жаңадан бес спорт түрі қосыл­ды. Бұл туралы Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) мә­лімдеді.

Бес жылдан кейін мұхиттың арғы бетінде өтетін Олимпиадада жанкүйерлер крикет, байрақ футбол, сквош, лакросс және бейсбол/софтбол секілді спорт түрлерінің қызықты бәсекелерін тамашалайтын болды. Бейсбол/софтбол, крикет және лакросс спорты Олимпия ойындарының бағдарламасына қайта қосылып отыр.

Мәселен, бейсбол/софтболдың тұ­сауы Токио Олимпиадасында кесілсе, крикет ең соңғы рет 1900 жылғы Париждегі додада ойналған еді. Ал лакросс спортының бәсекелері 1904 жылы Сент-Луис және 1908 жылғы Лондон Олимпиадаларының бағдарламасы­нан орын алған. Ал байрақ футбол мен сквош тұңғыш рет Лос-Анджелестегі төрт жылдықтың бәсе­ке­сінде ойналмақ.