Спорттың бұқаралық сипат алуын қамтамасыз ету мақсатында Жезқазған қаласының әкімдігі «ZHEZKAZGAN ALTYN KUZ» атты жартылай марафон ұйымдастырды. Бұл жарысқа еліміздің әр аймағынан ғана емес, Ресей, Украина, Моңғолия мемлекеттерінен де марафоншылар қатысты.
– Спорт денсаулықты шыңдауға ғана емес, туризмді дамытуға да, халықтар достығын нығайтуға да сүбелі үлес қоса алатынын көрсетті. Жарысқа қатысушылар өлкемізге зор қызығушылық танытты, мүмкіндігі келгенше тарихи орындарды аралап та көрді. Жезқазғанда осындай жарыстың өтуіне ұйытқы болған «Экстремальная Атлетика» командасына алғысымыз зор, – дейді Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Жайлаубаев.
10,5 шақырым қашықтықта ерлер арасында Руслан Оглов, әйелдер арасында Әсем Әбілқасова жеңімпаз атанып, 150 мың теңгенің сыйлығын иеленсе, 21,5 шақырымда ерлерден Александр Адишкин, әйелдерден Екатерина Васильченко мәреге бәрінен бұрын жетті. Олардың әрқайсына 300 мың теңгеден бәйге берілді.
Жезқазған