Осыдан он жыл бұрын жария түрде алғаш рет еліміздегі компаниялардың акцияларын биржада сатылымға шығару жөнінде «Халықтық IPO» жобасы іске қосылған еді. Аталған жоба аясында ірі компаниялар мен біраз қалталы азаматтар ақша аудару арқылы инвестициясын ұлғайтқан болатын.
Қосымша акцияларын сатылымға шығарды
Сонымен өткен айдың соңына таман еліміздің қор нарығында SPO форматы бойынша «KEGOC» АҚ акциясын сатылымға шығару жөнінде ұсыныс жарияланды. Қайталама ұсыныстың бір бөлігі ретінде компания инвесторларға 15 миллионнан астам акциясын (немесе жалпы санның 5%) сатпақшы. BCC Invest инвестициялық банкінің сарапшылары бағалы қағаздардың өсім әлеуетін қарастырып, SPO-ға қатысуға өз ұсыныстарын берген еді. Бұрындары биржадан шығып кеткен «KEGOC» АҚ – Қазақстанның барлық негізгі электр желілерін иелік етіп отырған ұлттық оператор, қазіргі таңда қосымша акцияларын қайтадан сатылымға шығарды.
Компания алғаш рет IPO-ға (бастапқы орналастыру) 2014 жылы қатысқан болатын. Содан бері акция бағасы 3 есеге өсіп, осы кезеңде төленген дивидендтердің жалпы сомасы 218 млрд теңгені құраған. Негізі акционері «Самұрық-Қазына» АҚ болып табылатын компанияның ұсынып отырған SPO форматы мемлекеттік активтерді жекешелендіру мен компанияның бағалы қағаздарын қор нарығына шығаруға әрекет ету. Осы орайда кәсіпорынның жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры Салтанат Сәтжан былай дейді. «KEGOC» АҚ SPO – осы бағыттағы басым қадамдардың бірі. Ол компанияның қаржылық жағдайын нығайтып, жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда және ашықтықты жариялауға мүмкіндік берер еді. Жиналған қаражат еліміздің Бірыңғай электр жүйесі Оңтүстік аймағының желілерін қалыптастырып, ірі инвестициялық жобаға жататын Шу-Жамбыл-Шымкент екі 500 кВ желісінің және үш 500 кВ қосалқы стансасының құрылысын іске асыруға бағытталатын болады», дейді.
SPO-ға қалай қатысуға болады?
«KEGOC» АҚ акцияларын сатып алуға өтінімдер 16 қазанда басталып, 2 қарашаға дейін жалғасады. Акцияларды кез келген адам сатып ала алады. Ол үшін BCC Trade мобильді қосымшасын (App Store және Google Play дүкендерінде қолжетімді) жүктеп алу, онлайн брокерлік шот ашу, оны қаржыландыру және акцияларды сатып алуға өтінім беруге болады.
«Аталған қолданбаны негізгі экранда SPO_KEGC түймесін басып, сатып алуға болатын бағалы қағаздардың санын көрсетіп барып «SMS-ке қол қою» түймесін басу арқылы жүргізіледі. BCC Trade қолданбасын жүктеп алмас бұрын, eGov ұялы телефонда болуы керек. Ол қосымшада брокерлік шотты ашу туралы бұйрыққа қол қою үшін қажет болады. Банктің шот ашып, өтінім бергені үшін комиссия ұсталмайды. Инвестицияның ең аз мөлшері компанияның бір акциясының құнына тең», деп түсіндіреді мамандар.
Аталған компанияның акцияларын орналастыру бағасы SPO кезінде 1 482 теңгені құрайды.Егер инвестордың портфелінде 28 қыркүйекке дейін сатып алынған «KEGOC» АҚ акциялары (17 акциядан астам) болса, онда ол бірінші бас тарту құқығын пайдалана алады. Бұл құқықты жүзеге асыру мерзімі 28 қыркүйек пен 27 қазан айларын қоса алғанда 30 күнге созылады. 2 қарашада тапсырыстар кітапшасы жабылып, 9 қарашада KASE және AIX биржаларында өтінімдер бойынша есеп айырысулар өтеді. AIX жөнінде қайталама сауда 10 қарашада басталады.
Болжамдар мен келешегі
BCC Invest сарапшылары компанияның SPO-дан кейінгі даму әлеуетін айтарлықтай оң бағалап, акция бағасының +21,2%-ға (1 796 теңгеге дейін) өсуін болжайды.
Бұл тұжырымға инвестициялық тартымдылықтың бірнеше негізгі факторлары бар.
Біріншіден, «KEGOC» АҚ – Қазақстандағы барлық магистралдық желіге иелік ететін монополист, онсыз еліміздің электр энергетикасы толық жұмыс істей алмайды.
Екіншіден, бұл компанияның құнындағы жаңа нормативтік өзгерістерге байланысты өсімнің айтарлықтай әлеуеті ескерілген.
Биылғы шілдеден бастап электр энергиясын ұлттық электр желісі арқылы беру, ұлттық электр желісін пайдалану, желіге жеткізуді техникалық диспетчерлеу, электр энергиясын тұтыну, электр энергиясын өндіруді теңгерімдеуді ұйымдастыру және электр энергиясын тұтыну жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге жаңа тарифтер мен тарифтік сметалар белгіленді. Содан бері нарыққа Бірыңғай электр энергиясын сатып алушы механизмі енгізілген еді.Алдағы уақытта Энергетика министрлігіне қарасты Жаңартылған энергия көздерін қолдаудың есеп айырысу-қаржы орталығы жүргізетін болады. Бұған сарапшылар халық санының артуына орай, электр энергиясы нарығының өсуіне, электромобильдердің танымалдылығына және тұрмыстық электр құрылғылары санының көбеюімен байланыстырып, «KEGOC» АҚ акциялары бағасының өсімін болжайды.
Аталған кәсіпорын биылғы жылдың бірінші жартыжылдығындағы таза пайдасы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9 млрд теңгеге немесе 64%-ға артып, 23 млрд теңгені құраған.
Бұл өсім операциялық пайданың жылдық 47% болғаны, елдегі сатып алушылар (+9%), Ресей (+17%) мен қырғыз сатып алушыларынан түскен табыстың артуымен байланыстырады. Ұсынылған қызметтердің құны іс жүзінде өзгеріссіз қалып, нәтижесінде негізгі қызметтен түскен кіріс 114 млрд теңгені құраған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11%-ға ұлғайған көрінеді.
Компанияның стратегиялық өсу жағдайында тұрақты дивидендтік саясаты бар – ол 2014 жылдан бері нарықта сауда жасап, содан бері жылына екі рет дивидендтер төлеп келеді.
«Бастапқы орналастырудан бері акциялар 300%-ға өскенің, біз KEGOC-тің одан әрі ұлғаю перспективаларын көріп отырмыз. Ұлттық электр желісін пайдалану бойынша жаңа қызметтерді енгізу, нормативтік-құқықтық өзгерістер мен еліміздің БЭЖ Оңтүстік аймағының желілерін нығайтуға бағытталған инвестициялар компанияның оң қаржылық және операциялық көрсеткіштерінің алғышарттары болады. Нәтижесінде, біз сатып алу ұсынысымен акцияның өсу әлеуетін SPO бағасынан +21,2% деңгейінде бағаладық», деп түсіндіреді BCC Invest инвестициялық банкінің сарапшылары.