Синоптиктердің болжамына сәйкес бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы ашық болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Еліміздің басым бөлігінде ауа райы ашық, жауын-шашынсыз болады. Тек оңтүстік-батыста, күндіз батыста, солтүстік-батыста, түнде республиканың оңтүстігінде фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте жел күшеюі мүмкін», делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің хабарламасында.
Республиканың барлық аумағында түнде және таңертең тұман күтіледі.