• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Қоғам 20 Қазан, 2023

Ерліктің асқақ ескерткіші

173 рет
көрсетілді

Елордада №6 Мамандан­ды­рыл­ған өрт сөндіру бөлімінің аума­ғын­да елордалық өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің құрметіне қо­йылған ерлікті насихаттайтын ескерткіштің ашылу рәсімі өтті.

Ескерткіштің ашылу салта­натына және № 6 маман­дан­ды­рылған өрт сөндіру бөліміне Асқар Забикулиннің есімі берілу іс-шарасына Төтенше жағ­дайлар министрі Сырым Шәріп­ханов, елорда әкімі Жеңіс Қасымбек, гарнизон басшылығы мен жеке құрамы, азаматтық қорғау орган­дарының ардагерлері, Асқардың туыс­тары мен жақын­дары қатыс­ты.

«Әрбір адамның өмірі баға жетпес құнды, мемлекеттің стратегиясы, ең алдымен, азамат­тарды қорғауға, төтенше жағ­дайлардың алдын алуға және жоюға бағытталған. Сол се­беп­ті құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің еңбегі аса маңызды. Бұл ескерткіш – Асқардың өжеттігі, жанқияр­лы­ғы мен адалдығының бел­гісі. Бүгін біздің көңіліміз түсіп, қайғырып, бәріміз үшін үлгі болатын ерлікке деген шексіз құрметке куә болып тұрмыз. Оның жасаған ерлігі – азамат­та­рымыздың қауіпсіздігі жолын­да­ғы күресте бізге күш пен қуат беретін үлгі», деді С.Шәріпханов.

Ресми іс-шарадан кейін ес­керт­­кіштің ашылуына жинал­ғандар мемориалға гүл шоқтарын қойып, ерлікпен қаза тапқан бүгінгінің батырын бір минут үнсіздікпен еске алды. Биіктігі 3 метр болатын ескерткіште Ас­қардың бюсті қоладан, ал тө­менгі бөлігі мәрмәрдан жасал­ған.

Елордалық өрт сөндіруші Асқар Забикулин 2022 жылдың 20 қарашасында тұрғын үй кешеніндегі өртті сөндіру кезін­де қаза тауып, үш адамның өмі­рін аман сақтап қалған еді. Пре­зиденттің Жарлығымен Асқар Забикулин қайтыс болған­нан кейін І дәрежелі «Айбын» мемлекеттік наградасымен марапатталды.