• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 20 Қазан, 2023

Спортшылардың көрсеткіші көңіл көншітпейді - министр

161 рет
көрсетілді

Туризм және спорт министрлігінде Қытайдың жазғы Азия ойындарындағы көрсеткішке сай есеп беру жиыны өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Спорт түрлері бойынша федерация басшылары мен бас бапкерлер қатысқан жиында  Мемлекет басшысының тапсырмасына сай атқарылуы тиіс жұмыстың жайы пысықталды.

Ең алдымен грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының өкілдері есеп берді.   Спорт функционерлері палуандардың көрсеткен өнері туралы, сондай-ақ орын алған жағдайды баяндады.   Есеп беру жиынына грек-рим күресінен бас жаттықтырушы Юрий Мельниченко қатыспады. Туризм және спорт министрі федерация басшылығына осы мәселе бойынша ескерту жасап, спортшыларымыздың көңіл көншітпегенін  атап өтті.

«Палуандар бірінші кезеңде тәуір-ақ   күреседі, ал екінші кезеңде демігіп қалады. Жеке дайындық бағдарламасы жоқ. 2024 жылғы Париж  олимпиадасында медальға ілігеді  деген спортшылардың тізімін құрып, олардың жаттығуына  толыққанды жағдай жасау қажет», деді Е.Маржықпаев.

Су добынан да ерлер мен әйелдер құрамасы жазғы Азия ойындарынан қола жүлдені місе тұтты. Құраманың  бас бапкері  Дамир Темірханов ойыншылар арасында буын алмасу жүргенін, жасы келген спортшылардың орнын жастар басқандықтан командалық ойнау жүйесінде ағаттық кеткенін  жасырмады.