• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 22 Қазан, 2023

Еламан Қойшыбаев пен Асылжан Орынбасарова күміс жүлдегер атанды

267 рет
көрсетілді

Сауд Арабиясының бас шаһары Эр-Риядта өтіп жатқан Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарында қазақ самбошылары тағы 2 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігіне қарасты Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еламан Қойшыбаев пен Асылжан Орынбасарова (65 кг) аралас командалық сында күміс жүлдегер атанды. Олар Азия мен Тынық мұхиты аймағынан жасақталған екінші құрама сапында күш сынасты. А.Орынбасарова Еуропа-1 құрамасындағы Ресей балуаны Яна Поляковадан жеңілсе, Е.Қойшыбаев Беларусь балуанынан жекелей сында кеткен есесін қайтарды. Жалпы есеп: 4-6.

Айта кетсек, V Бүкіләлемдік жауынгерлік өнер ойындарында самбодан сайыстар аяқталды. 7 балуан алып келген Қазақстан құрамасы жекелей сында 1 алтын, 1 күміс, 3 қола, ал миксте 2 күміс жүлдеге ие болды.