• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 23 Қазан, 2023

Бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевтың ұсталғаны расталды

281 рет
көрсетілді

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Әділет министрлігінің бұрынғы басшысы Марат Бекетаевтың қамауға алынғанын растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Бұрынғы Әділет министрі М.Бекетаевтың ұсталғанын растаймыз. Күдікті соттың рұқсатымен қамауға алынды. Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жарияланбайды», делінген ANTIKOR хабарламасында.

Айта кетсек, Марат Бекетаев «лауазым өкілетін асыра пайдалану» бойынша күдікке ілінді. Агенттік өкілдерінің айтуынша, ол талап етілмейтін қызметтерді көрсетуге жыл сайынғы келісімшарт жасау арқылы үлестес компанияның мүддесін қолдап, мемлекетке үлкен зиян келтірген.