• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 23 Қазан, 2023

Бұрынғы Әділет министрі сот санкциясымен 2 айға қамауға алынды

346 рет
көрсетілді

Бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев екі айға қамауға алынды. Бұл туралы елордалық соттың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«2023 жылғы 22 қазанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Марат Бекетаевқа қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», деп хабарлады елорда сотының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2023 жылдың 21 қазанында бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевтың ұсталғаны туралы ақпаратты растады.

Ресми деректерге сәйкес, ол талап етілмейтін қызметтерді көрсетуге жыл сайынғы келісімшарттар жасау арқылы үлестес компанияның мүдделерін қолдады. Бұл әрекет мемлекетке үлкен зиян келтірді. Активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.