• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Футбол 24 Қазан, 2023

Түркия клубы көз тігіп отыр

175 рет
көрсетілді

Футболдан Қазақстан ұлттық құра­масы мен «Ақтөбе» клубының 21 жастағы шабуылшысы Максим Само­родовқа «Трабзонспор» клубы қызы­ғушылық танытып отыр.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, түркиялық команданың бас бапкері Абдулла Авджи отандасымызды өз клубында көруге ниетті екенін білдірген. «Максим Самородов Конференция лигасының іріктеу кезеңіндегі төрт матчта екі гол соғып, әріптестеріне бір мәрте нәтижелі пас асырғаннан кейін Аб­дулла Авджидің қызығушылығын оятқан. Сондай-ақ «Трабзонспордың» бап­кері жуырда ғана Еуро-2024 іріктеу сайысын­дағы Дания-Қазақстан матчында М.Са­мородовтың ойынын арнайы тамашалаған», деп жазады түркиялық басылым.

Түркия футбол федерациясының жаңа ережесі бойынша, биылдан бастап Қазақстан футболшылары Анадолы елінде легионер саналмайды.