• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Қазан, 2023

Бақтықожа Ізмұхамбетов – Қазақстанның Еңбек Ері

504 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Республика күні қарсаңында үш адам «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен марапатталды, деп хабарлайды egemen.kz.

«Қазақстанның Еңбек Ері» атағы Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласын дамытудағы айрықша жетістіктері, сондай-ақ қоғамдық-саяси қызметтегі аса үздік еңбегі үшін мемлекет және қоғам қайраткері, Парламент Мәжілісінің депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетовке, еліміздің әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін Семей қаласы «№ 7 жалпы білім беретін орта мектеп-лицейінің мұғалімі Алма Шүкежановаға және өндірістік қызметтегі ерекше еңбегі үшін Қызылорда облысы «Таң ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Имамзада Шағыртаевқа берілді. 

Айта кетейік, бүгін Президент Жарлығымен «Қазақстанның халық жазушысы» атанған қаламгерлердің және «Қазақстанның халық әртісі» атағын иеленген өнер, мәдениет қайраткерлерінің есімі жарияланды.