• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Марапат 24 Қазан, 2023

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары анықталды

424 рет
көрсетілді

Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2023 жылғы мемлекеттік сыйлығының лауреаттары белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен биылғы Мемлекеттік сыйлық «Қазақстан Республикасының атом-энергетика саласын құруға және көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын іске асыруға арналған әлемдік деңгейдегі зерттеулер мен әзірлемелер» жұмысы үшін Эрлан Батырбековтің жетекшілігімен Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының авторлар ұжымына берілді. Аталған сыйлық ғылым мен техника саласындағы аса үздік жетістіктері үшін екі жылда бір рет беріледі.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, бүгін Президент Жарлығымен «Қазақстанның халық жазушысы» атанған қаламгерлердің және «Қазақстанның халық әртісі» атағын иеленген өнер, мәдениет қайраткерлерінің есімі жарияланды.

Сонымен қатар үш адамға «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілгенін де хабарлағанбыз.