• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Қазан, 2023

Мектептерге – автобус, құтқарушыларға – техника

227 рет
көрсетілді

Республика күнінің қарсаңында Ұлытау облысының бірқатар мектептері көптен күткен автобустарға, құтқарушылар жаңа техникаларға қол жеткізіп, мәз-мәйрам болып қалды.

Облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы аймақтағы 8 мектептің басшыларына жаңа автобус кілттерін салтанатты түрде табыс етті.

Жаңа автобустар Қаражал қа­ла­сының №1, №30 мектептеріне, Жаңаарқа ауданының №1 мек­теп-лицейіне, Ұлытау ауда­нының №6, №1 тірек-мектеп­­­теріне, Сәтбаев қала­сы­ның­ Оқу­­­шылар сарайына, №3 «Бі­лім-инновация» лицей-интер­на­тына және Абай атындағы ма­ман­­дандырылған мектеп-ин­тер­натына берілді.

«Біз өте қуаныштымыз. Келесі жыл­дың бюджетінен тағы да 10 авто­бус сатып алуға қаржы қа­рас­­тырылып жатыр, – дейді облыстық білім басқар­масының басшысы С.Төлекова.

Ал өздерінің төл мерекесінде облыс әкімінің қолынан су жаңа тех­ника алған құтқару­шы­лардың қуа­ныш­тарында шек жоқ.

Жаңадан алынған тоғыз тех­ни­каның ішінде өрт сөндіру авто­цистернасы, 32 метр болатын 9 қабатты автосаты, ава­рия­лық-құтқару автомобилі, құт­қару ав­то­көлігі, жедел-жеңіл авто­кө­лік­тері бар.

Ұлытау облысы Төтенше жағ­дай­лар департаментінің бас­тығы Е.Байыров жаңа техникаларды қабылдап тұрып: «Құтқару қыз­ме­тін осы заманғы техикалармен жабдықтаудың маңызы зор. Сондықтан да, жаңа техникалар біз үшін жұмысты жеңілдететін, бірақ жауапкершілікті арттыра түсетін маңызды сыйлық», деді.

 

Ұлытау облысы