• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Марапат 24 Қазан, 2023

Рамазан Стамғазиевке Қазақстанның халық әртісі атағы берілді

2363 рет
көрсетілді

Республика  күні мерекесіне орай  Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі дәстүрлі әнші Рамазан Стамғазиевке Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстанның халық әртісі атағы берілді, деп хабарлайды Egemen.kz  Ақорданың баспасөз қызметіне  сілтеме жасап.

Рамазан Өмірәліұлы «Қазақконцерт» өнер бірлестігінде, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында, Республикалық эстрада-цирк колледжінде оқытушы болды. Бүгінде Т.Жүргенов атындағы  Қазақ ұлттық  өнер академиясының  «Дәстүрлі ән музыкасы» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарады. Алматы облысы, Райымбек ауданының Құрметті азаматы.