Қасымхан Алдабергенұлы – 99 жасқа қадам басқан қарт журналист, соғыс ардагері. Ахмет Байтұрсынұлы туған өңірдің көнекөз абызы. Республика күніне орай дана қариядан бата сұраған едік.
Айналайындарым, бүгін, міне, қайсар халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған азат заманын, жаңарған мемлекетімді көріп отырмын.
Өркені өскен байтақ еліміздің бірлігін нығайтып, рухын көтеретін бас мерекеміз баянды болып, мыңжылдықтарға ұлассын!
Елімізге береке берсін,
Ризық-несібе мол болсын,
Әр отау орда болсын,
Іші жанға, сырты малға толсын.
Еңбек игілікке бастасын,
Пейіл жамандыққа баспасын.
Азаттықтың жұлдызы сөнбесін,
Ұл-қызымыз адасуға көнбесін.
Бабалар өсиетін қазық етейік,
Ақыл мен білімді азық етейік.
Әумин!
Қасымхан АЛДАБЕРГЕНҰЛЫ,
майдангер, журналист
Қостанай