• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Қазан, 2023

Бала көз жұмған жағдайда ұлттық қордағы ақшасы қайда кетеді? Министр жауабы

413 рет
көрсетілді

Бала көз жұмған жағдайда оның атына ұлттық қордан түскен ақша отбасында қалады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді.

«Жұртшылыққа ақшаны әрі қарай бөлу үшін оны ұлттық қорға қайтару ұсынылды. Бірақ содан кейін ақша отбасында қалады деп шешілді», деді министр Мәжіліс отырысы кезінде.

Балаларға ұлттық қордан төленетін төлемдерге салық салынбайды.

Бұған дейін мәжіліс «Ұлттық қор – балаларға» жобасы бойынша заңға енгізілген түзетулерді мақұлдаған еді.

Ал Президент 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап «Ұлттық қор – балаларға» жобасын іске қосуды тапсырды, ол Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50%-ы балалардың 18 жасқа толғанға дейінгі арнайы жинақтау шоттарына аударуды көздейді.