Кеше сағат 10:49-да Аягөз қаласы, Барақ батыр көшесіндегі жеке үйлердің бірінен өрт шықты. Оқыс оқиға салдарынан 4 бүлдіршіннің ғұмыры қиылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Абай облысы әкімдігінің хабарлауынша, 6 адамнан тұратын құтқарушылар бригадасы сағат 11:10-да жалынды оқшаулап, 11:24-те толық сөндірген. Алайда үйдің ішінен төрт баланың мәйіті табылды.
Құзырлы орган өкілдері өрттің шығуы мен балалардың қаза болу себебіне қатысты сараптама жүргізіп жатыр.