• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Қазан, 2023

Шымкентте бір отбасы газдан уланып қайтыс болды

487 рет
көрсетілді

Бүгін Шымкент қаласындағы шағын ауданында орналасқан жеке үйде газдан улану салдарынан 5 адам жан тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қайғылы оқиға Ынтымақ-2 шағын ауданында болды.

«ҚазТрансГаз» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға дейін жүргізілген қауіпсіздік рейдтері кезінде газшылар қазандықтың жай-күйін көріп, бұл үйді газбен жабдықтаудан ажыратқан. Үй иесі газға өз еркімен қосылды. Полицияда «өрт сөндірушінің қауіпсіздік талаптарын бұзу» бабы бойынша іс қозғалды.

«Бүгін Шымкент қаласындағы жер үйлердің бірінде көміртегі тотығымен улану белгілері бар 5 адамның денесі табылды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. ҚР ҚК 292-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды», делінген Шымкент ПД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков барлық жедел қызмет көрсету мекемелері оқиға орнына шұғыл жеткенін хабарлады.

«Өз тарапымыздан барлық қажетті қолдау көрсетеміз.

Төтенше жағдайлар департаментіне, газ беру қызметтеріне, аудан әкімдіктеріне көпқабатты және жеке секторлардағы газ жабдықтарын бақылау мақсатында кешенді тексеру жүргізуді тапсырдым. Одан бөлек, пешпен жылыту қолданылатын үйлер де тексеріледі», деді әкім.

Сондай-ақ әкім қала тұрғындарын пәтерлерде, жеке үйлерде газды пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасын қатаң сақтауды сұрады.