Otyrar.kz сайтының жазуынша, оқыс оқиға қаладағы рестобарлардың бірінің алдында болды.
Күдікке ілінген адам 54 жастағы ер кісінің бас тұсынан бірнеше рет тепкен. Жедел жәрдем қызметкерлері ер адамды аман алып қала алмады.
«Тексеру кезінде екі ер адамның арасында туындаған жанжал барысында жәбірленуші басынан алған соққыдан көз жұмғаны анықталды. Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігімен (Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) тіркелді», делінген полиция ұсынған ақпаратта.
Жедел уәкілдер 42 жастағы күдіктіні қамауға алды. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.