• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Оқиға 28 Қазан, 2023

Костенко шахтасындағы өрт: Қаза болғандар саны 16-ға жетті, 31 кенші іздестіріліп жатыр

233 рет
көрсетілді

Костенко шахтасында қаза болғандар саны 16-ға жетті. 31 кеншіні іздеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр, деп жазады Egemen.kz.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметі: «252 адамның 205-і жер бетіне шығарылды, олардың 18-і медициналық көмекке жүгінді. 31 шахтер іздестіріліп жатыр, 16 шахтер табылды», деп мәлім етті.

Апат орнында PVASS құтқарушылары жұмыс істеп жатыр. Штаб жұмыс істеп тұр.

Оқиғаға байланысты ТЖМ мен Қарағанды облысы ТЖД «АрселорМиттал Теміртау» АҚ ҚІД Қостенко атындағы шахтасында ақпараттық және психологиялық қолдау көрсету үшін жедел желінің телефондары жұмыс істейді 8 (7212) 51-72-23, 8 (7212) 49-72-70.