Костенко шахтасында авариялық-құтқару жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. Тау-кен құтқару бөлімшелері барлық қажетті іс-шараларды ауысыммен жасап жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Тау-кен құтқарушыларының күштері кеншілерді іздеуге жұмылдырылған. Іздеу жұмыстары электр энергиясының жетіспеушілігінен, тау-кен жұмыстарының көптігінен, жеке су басқан қазбаларға қол жетімділіктің болмауынан, көптеген бұзылған механизмдер мен құрылыстардың болуынан қиындық туғызып жатыр.
Сондай-ақ қаза тапқандардың денелерін жер бетіне шығару жұмыстары жалғасып жатыр.
Апат орнында ашық жану ошақтары жоқ.
«Жедел желі телефондары үздіксіз жұмыс істеп жатыр, барлығы 400-ге жуық қоңырау келіп түсті. 20 психолог шұғыл психологиялық көмек көрсетіп отыр», делінген хабарламада.