• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Несие 30 Қазан, 2023

Қатаң талап қарызға шектеу бола ма?

274 рет
көрсетілді

Тұтынушылық қарыздың ең жоғарғы сомасы бойынша шекті белгілеу және коллекторларға кредиттерді сатуға толық тыйым салу қаржы нарығының дамуын тежеуі мүмкін. Сол себепті сарапшылар тұтынушылық несиелеу шектеулеріне мұқият қарау қажеттігін алға тартады.

Халықтың шектен тыс несиелену проблемасы жуырда Парламентте қызу талқыланып, депутат­тар мен Қаржы нары­ғын реттеу және дамыту агент­тігі тұтыну қарыздарын беру жө­ніндегі талаптарды қатаң­да­ту қажет деп түйген болатын. Өз кезегінде Қазақстан қар­жыгерлер қауымдастығы басшысы Елена Бахмутова қа­рыздың осы түрлері бойын­ша ағымдағы сома елдің қар­жы­лық тұрақтылығына қауіп төн­дірмейтінін, сондай-ақ мем­лекеттік органдар мен қар­жы институттары табысы аз қарыз алушылардың бо­рыш­тық жүктемесін шектеуге күш салуы керектігін айтты. Яғни бұл мәселеде қатаң­да­ту шаралары 90 күннен астам мерзімі өткен қарыз алу­­шыларға тұтынушылық несие­лер беруге тыйым салуға, сондай-ақ адал қарыз алу­шы­ларға әсер етпестен табысы төмен қарыз алушылар үшін шектеулерге және олар үшін қаржы ресурстарының қол­жетімділігін қысқартуға қа­тысты болуы керек. Бұл пікірді «Halyk Finance» сарапшылары да негізді деп санайды. Экономиканы несиелеудің маңызды сегментіне тоқтала келе, олар: «Коллекторлық агент­тіктерге проблемалық қа­рыз­дарды сатуға толық тыйым салу жөніндегі айтылған бас­тама халықты несиелендіру мәселесін біржақты шешпейді. Сонымен қатар мұндай шара қаржы нарығына кері әсер беруі мүмкін. Өйткені коллекторлар институты маңызды функцияны орындап, несиелерді қайта құрылымдауға және банк­тер мен микроқаржы ұйымдарының (МҚҰ) несиелік қор­жынын жақсартуға көмек­теседі», деп пікір білдіреді.

Проблемалық қарыздарды кол­лекторлық агенттіктерге сату мүмкіндігін жою бұл қыз­меттің көбіне осы салада ар­найы білімі мен сараптамасы жоқ кредиторлардың өздеріне – банктер мен МҚҰ-ға өтуіне әкеледі. Қаржы са­рап­шыларының айтуынша, жұртшылық арасында кол­лекторлар институтына кү­мән­мен қарау белең алған. Ал шын мәнінде бұл – түрлі тиімді жоғары технологиялық құ­рал­дар­ды қолданатын өзін­дік бет-бағдары бар сала. Сонымен қатар коллекторлық қызметке қатысты заңда олардың жұмы­сы­ның қолайсыз әдістерін жоққа шығаратын нақты ережелер белгіленген. Оған қоса, ҚНРДА-да мемлекеттік тір­кеу­ден өткен және білік­тілік талаптарына сәйкес келетін компаниялар ғана коллекторлық қызметпен айналыса алады.

Сол секілді «Halyk Finance» сарап­шылары тұтынушылық кре­диттің ең жоғары сома­сы­ның шегін енгізу жөніндегі шараны тиімсіз деп санайды. Олардың дерегінше жалпы динамика жеке мақсаттар үшін несиенің орташа мөлшерінің төмендеуін көрсетеді. Көзделіп отырған шара несиелік тарихы оң, ұқыпты азаматтардың қаржылық ресурстарды алу мүм­кіндігін шектейді. Соны­мен қатар ҚНРДА МҚҰ-ның жарғылық капиталына қо­йылатын талаптарды қа­таңдату бойынша жұмыс жүр­гі­зілуде. Оның мөлшері бір­тіндеп ұлғаюда және келесі жыл­дан бастап кемінде 200 млн теңгені құрауға тиіс. Бұл ретте МҚҰ ‒ салымшылардың ақ­­шасын қорғау үшін әдет­­те пруденциалдық нор­мативтер қолданылатын де­по­зитарлық институт емес. Яғни МҚҰ беретін несиелер банктердегідей депозиттермен қорландырылмайды. Сон­дықтан олардың капиталына қойылатын талаптар­ды қатаңдату микрокредит­теу нарығының дамуына ке­дер­гі келтіретін артық жүк­теме сияқты. МҚҰ-ны реттеу тұ­тыну­шылардың (қарыз алу­шы­лардың) құқықтарын қор­ғау бөлігінде ғана шоғыр­ла­нуға тиіс.

Тыңдау кезінде көтерілген онлайн-кредиторлардың қа­рыз­дарына қатысты шектеу­лер енгізу мәселесіне тоқ­талған сарапшылар, онлайн несие берушілер ‒ тұты­ну­шылық несиелеумен айналысатын финтех-компаниялар екенін еске салады. Бұл жағдайда қарыз алушы мен қарыз беруші арасындағы барлық қатынас интернет арқылы жүзеге асырылады. Онлайн-несие берушілер қар­жы­лық қызметтерді ұсыну тәсілдеріне айтарлықтай әсер етеді. Тиісінше, олардың жеке нормативтік-құқықтық ба­засы болуы керек. Сонымен бірге олар МҚҰ ретінде қарас­ты­рыл­мау­ға тиіс. Сәй­кесінше, негізгі ба­ғыты ‒ микро және шағын бизнесті несиелеу болғаны дұрыс. Ресімдеудің оңай қол­же­тімділігі мен кең таралуы­на байланысты етек алған тұ­тынушылық қарыздарды бол­дырмау үшін несие беру талаптарын қатаңдату ұсынылып отыр. Қарыз алушыларға қо­йы­латын талаптар кредиттік институттардың скорингтік жүйелерін жетілдіру және қолда бар кірістерді мұқият тексеру арқылы арттырылуға тиіс. Бұған қоса, халықтың қаржылық сауаттылығын, кредит беру шарттарының ашықтығы мен айқындығын арттыру, сондай-ақ банктер мен МҚҰ тарапынан тұты­ну­шылық кепілсіз қарыз­дар беру бойынша агрессивті жар­наманы реттеу жөніндегі жұ­мыс­тарды жалғастыру қажет. Мұның бәрі әлеуетті қарыз алушылардың неғұрлым тең­дестірілген шешіміне ық­пал етеді.