# Несие
Несие • Кеше
Несие төлемін кешіктіргенде нені білген жөн?
Қазіргі таңда тұрмыстық қажеттіліктерді шешуге, ірі сатып алулар жасауға немесе күтпеген шығындарды жабу мақсатында несие алу қалыпты жағдайға айналды. Алайда кейде қаржылық қиындықтар туындап, несиені уақытылы төлеу мүмкін болмай қалады. Мұндай жағдайда борышкерлерге нені білген маңызды? Осы сауал төңірегінде қажетті кеңестер алу үшін сарапшы мамандарға жүгінген едік.
Несие • 17 Сәуір, 2026
Банктерден, микроқаржы ұйымдарынан несие алу қазақтың «бас ауруына» айналғалы қашан? Ресми деректерге жүгінсек, ел азаматтарының жартысынан астамы (50,7%-ы) кредиттің «дәмін татқан». Әсіресе 22–29, 50–62 жас аралығындағы азаматтар банктерге жиі қарызданады екен.
Несие • 07 Ақпан, 2026
Елдегі несие көлемі 25 трлн теңгеге жуықтады
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда халыққа берілген несие көлемі 19,8%-ға өсіп, 24,8 трлн теңгеге жетті. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 05 Ақпан, 2026
Елімізде азаматтарға несие беру қарқыны баяулап, банктердің басым бағыты бизнес пен нақты секторды қаржыландыруға ойыса бастады. Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қабылдаған шектеу шаралары өз нәтижесін беріп, әсіресе кепілсіз тұтынушылық несиелердің бұрынғы екпіні бәсеңдеген деп хабарлайды Egemen.kz.
Несие • 23 Қаңтар, 2026
Агроөнеркәсіпті кешенді түрде дамыту – еліміздің басым бағыттарының бірі. Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында ауыл кәсіпкерлігін қолдауды, фермерлік шаруашылықтардың өсуіне жағдай жасауды тапсырған болатын. Осы тұрғыда «Ауыл аманаты» жобасы ауыл экономикасын дамытуға, ондағы тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған тиімді құралға айналып отыр.
Қоғам • 09 Қаңтар, 2026
Кредитті ресімдеу алдында нені білу маңызды?
Кредитті ресімдеу алдында қаржылық мүмкіндіктеріңізді шынайы бағалау, кредит беру шарттарын егжей-тегжейлі зерделеу және құжаттарды мұқият оқып шығу секілді қарапайым қадамдар жасау маңызды саналады. Бұл туралы Қаржы нарығын зерттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды Egemen.kz.
Несие • 05 Желтоқсан, 2025
Әскери қызметшілер несиесін қалай кейінге қалдыра алады?
2024 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде мерзімді әскери қызметтегі азаматтар микронесиелер мен банктік қарыздар бойынша өз міндеттемелерін орындауды кейінге қалдыру құқығына ие болды, деп жазады Egemen.kz.
Несие • 05 Желтоқсан, 2025
Жыл соңында автонесиеге деген сұраныс төмендеуі мүмкін
Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының есебінше соңғы 9 айда автонесие бөлшек сауда нарығында жылдам қарқынмен дамып келеді. Үш тоқсанның қорытындысы бойынша көлік алу үшін несие рәсімдегендердің саны 48% өскен, бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда бірдей көрсеткіш, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Желтоқсан, 2025
Бір реттік «Қарызды өсімпұлсыз төле» акциясы басталды
Елімізде Аграрлық несие корпорациясынан қарыз алып, төлей алмай жүрген заңды және жеке тұлғалар үшін бір реттік акция басталды. Оған сот шешімі бойынша өндіріп алынуы тиіс берешегі бар борышкерлер қатысады, деп жазады Egemen.kz.
Астанада бір көшеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Елорда • Кеше
Алматы облысында 73 майдангердің есімі көшелерге берілген
Өшпес даңқ • Кеше
Орлов шахтасында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Кеше
Президент бірқатар заңға қол қойды
Президент • Кеше
Туған жер құрметінен қанаттанып…
Әдебиет • Кеше
1 шілдеден бастап ипотека кімдерге берілмейді?
Ипотека • Кеше