• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Кеше

Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер рейтингінде үздік ондыққа кірді

10 рет
көрсетілді

Заңғар Нұрланұлы Australian Open-2026 турниріндегі сәтті өнерінен кейін ITF Juniors әлемдік рейтингінде жоғарылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

17 жастағы теннисші жекелей сында жасөспірімдер арасындағы Аустралияның ашық чемпионатының жартылай финалына шыққан Қазақстан тарихындағы алғашқы спортшы атанды. Жаңартылған рейтингте Заңғар 12-орыннан 9-орынға көтерілді.

Сенсация: 17 жастағы қазақ теннисшісі Australian Open турнирінің жартылай финалына шықты

Өткен жылдың күзінде ол US Open Juniors турнирінің жартылай финалына дейін жеткен еді. Бұған дейін ешбір спортшы жасөспірімдер арасындағы «Үлкен дулыға» турнирлерінің жартылай финалына екі мәрте шыға алмаған.

17 жастағы қазақ теннисшісі әлемдік рейтингте жоғарылады

Осылайша, WTA, ATP және ITF Juniors әлемдік рейтингтерінің үздік ондығына енген үш Қазақстан спортшысы бар: Australian Open-ның жаңа чемпионы Елена Рыбакина – 3-орында, Александр Бублик – 10-орында, ал Заңғар Нұрланұлы – 9-орында.

Заңғар Нұрланұлы тарихи жеңіспен US Open жартылай финалына өтті

Соңғы жаңалықтар