• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Медицина 30 Қазан, 2023

Медицина қызметкерлерінің мерейі

161 рет
көрсетілді

Таяуда Зерендіде 15 медицина қызметкеріне жаңа пәтер беріліп, мерейі өсті.

Ақ желеңді абзал жандарға 40 пә­терлі көпқабатты үйден қызметтік пә­­тер­­­лердің кілті табысталып, жан жа­ды­­­­­р­а­тарлық жаңалықтың куәсі бол­­дық. Сөз арасында жаңа тұрғын үйді «Kokshe Building Service» серік­тесті­гінің сал­ғанын, жалпы ауданы 2 683,88 шаршы метрді құрайтынын айта кетелік.

Өңірдегі елді мекендерге медицина қызметкерлерінің жетіспейті­нін ескерсек, алдағы уақытта осындай қам­­қорлық өзге жерлерде де қолға алынса, көптен бері көпшілікті толған­дырып келе жатқан маңызды мәселе оңынан шешіліп қалар еді. Осы орайда Зеренді аудандық әкімдігі діттеген жерден шы­­ғып отырғанын айтқан ләзім. Бағ­дар­­лама бойынша жеті қызметкерге бір бөлмелі пәтер, алты қызметкерге екі бөлмелі пәтер, екі қызметкерге үш бөлмелі пәтер кілті ұсынылды. Пәтер­ге ие болғандардың арасында реанимотолог, трансфузиолог, нарколог, отоларинголог тәрізді мамандар бар.

– Мен аудан әкімінің грантына ие болып, өзім қалаған мамандықты игерген едім. Көп көмегі болды. Алған мамандығым бойынша туған жеріме келіп еңбек етемін. Медицина қызметкерлерінің мерейін асырған осы бір жақсылық жалғыз бізге ғана емес, халықтың денсаулығы үшін жасалып жатқан қамқорлық деп білемін, – дейді дәрігер Зүлфия Шолтышева.

Ілкімді іс-шараға қатысқан аудан әкімі Әсен Жақсылықов алдағы уа­қытта мүмкіндігінше баспана мә­се­лесі біртіндеп шешіле беретінін жеткізді. Жылы да жайлы жаңа пәтерге ие бол­ған ақ халатты абзал жандардың алғысы шексіз. Олар аудан басшыларымен бірге болашақ құтты ұяларымен танысып, қуанышын қойнына сыйғыза алмай жүр. Бұл күн жақсылық шарапатымен қалың қауымның есінде қалар ақжарылқап күн болды.

 

Ақмола облысы,

Зеренді ауданы