• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Саясат 31 Қазан, 2023

Күн тәртібінде – қауіпсіздік мәселесі

267 рет
көрсетілді

«Қазіргі заманағы сын-қатерлер аясында ұлттық және өңірлік қауіпсіздік» тақырыбындағы ғылыми-теориялық конференцияны Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы ұйымдастырды.

Іс-шараға Парламент пала­та­ларының депутаттары, Конс­ти­туциялық соттың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, әскери жоғары оқу орындарының, мем­лекеттік органдардың, халық­аралық ұйымдардың, ғылыми қоғамдастық өкілдері, сондай-ақ елімізде аккредиттелген әскери атташелер қатысты.

Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым депар­таментінің басшысы, генерал-майор Жұмабек Ахметов Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсы­лықовтың құттықтау сөзін жеткізді.

Министрдің ғылыми фо­румға қатысушыларға жолдауын­да: «Әлеуметтік үдерісті, эко­но­микалық тұрақтылық пен әді­леттілікті қамтамасыз ете отырып, біз халықты қорғау мен бейбіт болашақты қалыптастыру үшін берік негіз қалаймыз. Бүгінгі кездесу пікірлер мен тәжірибелер, әзір­лемелер мен сындарлы ұсы­ныстар алмасу үшін жемісті алаңға айналып қана қоймай, келешектегі жұмысқа оң серпін беруге тиіс», деп атап өтілген.

Конференция үш тақырып­тық блок бойынша, оның ішінде «Әскери қатерлер», «Қазақстанның су қауіпсіздігі» және «Өңірдегі тұрақ­сыздықтың әлеуметтік-эко­но­микалық факторлары» тақы­­рыбында өтті. Іс-шараны ұйым­дастырушылардың пікірінше, «қауіпсіздік» термині бүгінде киберкеңістік пен ақ­параттық технологиялардан бастап табиғи ресурстар мен әлеуметтік-эконо­микалық тұрақ­тылық үшін күреске дейінгі көп­теген өмірлік саланы қамтиды.

Еліміздің әскери доктринасында ақпараттық және психо­логия­лық әсер әскери қауіпсіздікті қамта­масыз етуге елеулі әсер етуі мүмкін факторларға жатқы­зылғанын атап өту керек. Бүгінгі таңда ақпараттық кеңістік қарсы­ласудың жаңа саласы ретінде қарастырылуы кез­дейсоқ емес.

Конференцияда аталған мәсе­­ле­лерге жан-жақты талдау жүр­гізіліп, ең өзекті сын-қатер­лер анықталды және өңірдегі бейбіт­шілік пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған ұсы­нымдар әзірленді.

Конференцияға қатысушылар қауіпсіздік қатерлеріне қарсы іс-қимылдың тиімді және тұрақ­ты стратегияларын қалып­тас­ты­ру үшін қауіпсіздік мәсе­ле­лерін талқылауға өңірдің бар­лық елдерінің сараптамалық қоғам­дастығын, кәсіби және ғылыми әлеуетін белсенді тарту қажеттігін атап өтті.