Ведомство ұсынған дерекке сәйкес, өткен аптада елімізде 189 төтенше жағдай тіркелген. Оның алтауы табиғи сипаттағы, ал 183-і техногендік сипаттағы жағдай.
«Құтқарушылар төтенше жағдай орнына барлығы 1111 рет шықты. 105 адам құтқарылды, оның ішінде 19 бала бар. 93 адам қауіпсіз жерге көшірілді, оның 16-сы бала. 112 құтқару қызметіне 148 мыңнан астам қоңырау келіп түсті. Ауа райына байланысты 113 ескерту жарияланды», делінген статистикада