Бұл сауалға Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов жауап берді. Ол Костенко шахтасындағы апаттан қаза тапқан кеншілердің толық тізімі 3-4 күнде белгілі болатынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Журналистер министрден қайтыс болған кеншілердің толық тізімі қашан жарияланатынын сұрады.
Сырым Шәріпхановтың сөзіне қарағанда, алдағы 3-4 күнде жарылыс құрбандарының аты-жөндері толық айтылады.
«Қазіргі кезде кейіннен табылған 6 шахтердің аты-жөндерін анықтап жатырмыз. ДНҚ зерттеу жоспарланып отыр. Осыдан кейін ғана тізімді жариялаймыз. Менің ойымша, бұл 3-4 күн уақытты алады», деп түсіндірді ол.