• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 31 Қазан, 2023

Астана әкімі құрылысы ұзаққа созылған үйлердің үлескерлерімен кездесті

211 рет
көрсетілді

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үй кешендерінің үлескерлерімен кездесті. Бұл туралы әкім Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қала басшысы құрылысы ұзаққа созылған бірқатар нысанның құрылыс барысымен танысқанын жазды. Олар – «Территория комфорта-1» 2-кезек, «Триумф Сити», «Future home» тұрғын үй кешендері.

Айта кетсек, мұндағы үлескерлердің жалпы саны – 800-ге жуық отбасы.

«Мселен, «Территория комфорта» тұрғын үй кешенінің құрылысы осыдан 20 жылдай уақыт бұрын басталған. Техникалық тексеру кезінде ғимараттың апатты жағдайда екені анықталды. Тиісінше апатты күйдегі тұрғын үй кешенінің барлық блогын бұзу бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. 2021 жылы «Территория комфорта» ТК бірінші кезегінің құрылысы аяқталып, 100-ден астам үлескер отбасы пәтер кілтін алған. Қалған блоктар бойынша жұмыс жүріп жатыр», деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Бұдан басқа, «Триумф Сити» мен «Future home» тұрғын үй кешендерінің құрылысы 10 жыл бұрын басталған еді. «Future home» тұрғын үй кешенін өткізу кезінде 4 және 7 қабаты ғана салынған.

«Биыл құрылысы ұзаққа созылған 30 тұрғын үй кешенін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Олардың бір бөлігін қазірдің өзінде аяқтадық. Үлестік құрылыс нысандары бойынша қадамдық іс-шара жоспары бар. Құрылысы ұзаққа созылған нысандардың аяқталуы Мемлекет басшысының тікелей бақылауында», деп қорытындылады Жеңіс Қасымбек.