• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Саясат 01 Қараша, 2023

Маңызды құжат талқыланды

149 рет
көрсетілді

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «Астанада (Қазақстан Республикасы) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік комитетінің жетпіс үшінші сессиясын ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасындағы келісімді ратификациялау туралы» заңды талқылады.

Құжат Қазақстан мен Дүние­жүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасындағы халық­аралық ынты­мақтастықты дамыту және нығайту мақсатында әзірлен­ген болатын. Келісім Қазақстан­да ДДҰ Еуропалық өңірлік комитеті­нің жетпіс үшінші сессиясын тиімді ұйымдас­тыруды және өткізуді қамтамасыз етуге бағытталған. Сенаторлардың айтуынша заңды ратификациялау ДДҰ-ға мүше елдер арасында Қазақстанның беделін арттыруға ықпал ететін болады.

Сенат комитетінің мүшелері талқы­лау қорытындысы бойынша заңды Палата отырысында қарауға жіберу туралы шешім қабылдады.