Экономика 01 Қараша, 2023

Жаңа бюджет саясаты бұлыңғырлықтан біржола арылтуы керек

213 рет
көрсетілді

Еліміз мемлекеттік қаржы саясатын жетілдіруге ден қойды. Жаңа Бюджет кодексі Парламенттің қоржынында жатыр. Ол – қоғам үшін өзекті. Күні бүгінге дейінгі қолданыста болған нұсқасында қамтылмаған мәселе көп еді. Осы олқылықтың орнын жаңа кодексте толтыру Парламенттің біліктілігіне сын болайын деп тұр.

Келесі кезектегі жоспар – салық заңнамасын қай­та қарау мен жетілдіру. Қаржы жүйесіндегі кемшіліктер бюд­жет тапшылығының факторлары­мен, елдің кірістері мен шығыстары ара­сындағы сәйкессіздікпен сипат­та­ла­ты­­нын, жиынтығы белгілі бір тәуекел­дер­ді тудыратынын сарапшылардың бәрі айтады. Бюджет тапшылығын сыртқы қарыз арқылы жабу үшін тым ақылды болудың қажеті жоқ. Шығыс бөлігіндегі тапшылық өткен жылмен салыстырғанда екі есеге дейін өсті.

Отандық қаржыгер Мұрат Темірха­нов­тың айтуынша, мұнайға тәуелді, экономикасы әртараптандырылмаған ел­дер­дің макроэкономикалық саясатында контрциклдік фискалдық ереже­лер үлкен рөл атқарады. Жаңа кодекс­те осы мәселеге ерекше назар аударылады, әлемдік озық тәжірибелер қолданыла бас­тайды деген үміт ақталған жоқ. Мем­лекет басшысы Ұлттық қор­дан бе­рі­­летін нысаналы трансферттер аса ма­ңызды инфрақұрылымды дамы­ту­ға және республикалық маңызы бар жо­ба­ларға ғана бөлінетінін айтты. Бюд­­жеттік жүйенің халықаралық бух­гал­­терлік есеп пен есеп беру стан­дарт­тарына толығымен ауысуы өте ма­­ңызды. Бұл тәсіл бюджеттік жос­пар­лар мен олардың орындалуы тура­лы есептердің ашықтығын, пайда­лы­лығын және сенімділігін арттырып, бюджеттік тәртіпті сақтаудың орнына тұ­жырымдамалар, бухгалтерлік есеп және есептілік бойынша норматив­тік құ­жаттарды түзетуге болатын «шығар­ма­­шылық» тәсілдерден бас тартады.

Пандемиялық дағдарыс ке­зін­де Ұлттық қорға бірнеше рет жүгінгенімізді әлі ұмытқан жоқ­пыз. 2008 жылы алғаш рет Ұлт­тық қор қаражаты «қауіп­сіз­дік жастығы» ретінде пайда­ла­нылды, рес­пуб­ликалық бюд­жеттің шығыстары сол кезде 2,7 трлн теңгені, Ұлттық қор­дың трансферттері 1,06 трлн тең­гені құрады. 2008 жылдан бері республикалық бюджет шы­ғыс­тары 5,5 есеге өсіп, 2021 жылы 14,9 трлн теңгені, Ұлттық қор­дан ауда­рылған трансферттер 4,5 трлн тең­ге­ні құрады. Яғни соңғы он шақты жылда бюджет шы­­ғыс­тарының өсімі өсті, контр­цикл­дік бюджеттік ереже жұмыс істемеді.

Қазақстандағы бюджеттің шы­­ғыны табысқа сәйкес кел­мей­тіні осыған дейін талай рет ай­тылған. Дүниежүзілік банк­тің Қа­зақстандағы өкілдері сәйкес­сіз­­діктердің неліктен пайда бол­ға­нын са­рап­­тап жатыр.

ДБ-ның аға экономисі Самсу Рахарджа ел бюджеті мұнай ба­ға­сының ауытқуына, жет­кізу тіз­бегінің үзілуіне және азық-тү­лік бағасының өсуіне байланысты сырты құбылуды бастан кешіріп жат­қанын айтады. Соңғы 20 жылда Қа­зақ­стандағы шикізаттық емес сектордан түсетін түсімдер өз­геріссіз қалып отыр. Бас­қаша айт­қанда, бұл бағытта табыстар түсімі баяу, алға жылжу аз.

Қарапайым тілмен айтқанда, Қазақ­стан­­ның табысы бұрынғы деңгейде қал­ды. Шығынның өсуіне банктерді және ква­зимем­ле­кеттік сектор компания­ла­ры­ның шығындарын жабуға қыр­­уар қар­жы жұмсалғаны да себеп болып отыр. Сарап­шы­­лар соңғысының, ЕДБ мен ква­зи­сек­тордағы қаржы инс­ти­тут­та­рын тым өбектеп кет­кені­міз нәтиже бер­­­ме­ге­нін, мұны тү­сі­нік­ті тілмен айт­­қан­­да тісі шыққан балаға та­мақты шайнап бергенмен бір­дей болғанын айтады.            

Ұлттық экономика ми­нистр­лігі бұл фактіні мойындап отыр.

Бүгінде бюджеттің қомақты үлесін – ІЖӨ-нің 2 пайызын құрайтын осы сала­дағы шығыстарға мониторинг жүр­гізу теті­гі қарастырылып жатыр екен. Ұлт­тық экономика ми­нис­трі Әлібек Қуан­тыровтың айтуын­ша, біздің мін­­детіміз – квази­мем­­лекеттік сектор ком­па­ния­ла­рының дивидендтер төлейтін және есеп беретіндей тиімділігін арттыру. Бұл міндетті орындау үшін оларды же­кеменшікке кө­ші­ру керек. Бүкіл ква­зи­­мем­ле­кеттік сектордың жиын­тық бюд­­жетін және қаражаттың жұм­­сал­уы­ның ашықтығын қарап жатыр­мыз. Бюджетті қорғау кезінде ше­неуніктер сияқты ква­зи­мем­ле­кеттік сектор өкілдері де есеп бе­реді», деді Ұлттық экономика ми­нистрі Әлібек Қуантыров.

Бюджет қаржысының бақы­лау­да болу керек деген мәселе 30 жылдан бері айтылып келе жатыр. Бюджет дегенде сарапшылар бірінші кезекте Ұлттық қор мен бюджет арасындағы байланысқа назар аударады. Сарапшылардың айтуынша, Ұлттық қордан кез келген уа­қыт­та ақша шешіп алу те­тігін шектеп тастамайынша, бұл жағдай жалғаса береді. Одан бөлек Ұлттық қордың құ­ры­­­лы­мындағы өзгерістер он­да­ғы жұ­мыс үдерісінің барынша ашық бо­луын міндеттеп отыр. Бюджет қаржысына деген сұ­ра­ныс мүмкіндігімізден екі есе асып түсіпті. Егер бюджет 22 трил­лион тең­геге есептелсе, онда шығыс өтінімі 50 трил­лионнан асып кетеді. Тек соңғы жыл­да­ры бизнесті қолдауға арналған бағ­дар­ламаларға деген сұраныс 50 па­йызға өскенін Ұлттық экономика ми­нистрі де ашық айтып отыр.

Жағдайды өзгерту үшін Дү­ние­­жүзілік банк сарапшылары Қазақстанға мемле­кет­тік кі­ріс­тердің неғұрлым прогрес­сив­ті сая­сатын қарастыруды ұсынады. Бірақ олар оны біртіндеп енгізуді ұсынып отыр.

Дүниежүзілік банк өкілі эко­­но­мист Самсу Рахджаның айтуынша, салық же­ңіл­діктерін азайту, әртүрлі салық ре­жім­­дерін оң­тай­ландыру арқылы фис­кал­дық саясатты кедейлерге қолдау көр­­сететін прогрессивті табыс са­лығы схемасын біртіндеп ен­гі­зуді көздейді.

2017 жылы тапшылықтың өсуіне банк жүйесінің проблема­ла­рына қаражат бөлу әсер етті, 2020 жылы пандемиядан туын­да­ған өткір экономикалық дағ­дарысқа реакция ретінде шы­ғыстар өсті. Содан бері жағдай біршама жақсарды, бірақ бюджет тапшылығы мәселесі әлі түбегейлі шешілген жоқ. Мы­са­лы, 2007 жылғы дағдарыс пен экс­пансиялы фискалдық сая­саттың бас­талуына дейін мем­ле­кеттік бюджет тапшылығы ІЖӨ-нің 1 пайызынан ас­пады және көбінесе профицитті де қам­тыды. Алайда экономиканы «қол­мен басқару» деп аталатын негіз­сіз басым­дыққа айналды, ол бюджет шығыс­та­рының өнімсіз ұлғаюын алдын ала анық­та­д­ы және тұрақты тапшылыққа әкел­ді.

Сарапшы айтып өткендей, бюд­­жеттің жекелеген шы­ғыс­­та­рын ұлғайту жө­нін­дегі кез келген жаңа саяси бастама­лар Ұлт­тық қордың ақшасы не­месе мем­ле­кеттік қарыздың өсуі (бюджеттік ере­же­лерді бұза отырып) есебінен емес, бюд­жет шығыстарының басқа баптарын қыс­қарту арқы­лы жүзеге асырылуға тиіс. Мұн­дай талаптардың барлығы жаңа Бюджет кодексінде нақты көрсе­ті­луге тиіс. Мысалы, 2019-2022 жыл­дары кіріс­тердегі нақты де­рек­­тердің жоспардан ауытқуы 29 пайызға, шығыстар бойынша – 20 пайызға, шикізаттық емес сектордан түскен кіріс бойынша тап­шылық 56 пайызға жетті. Жоғары инфляция мен мұнай секторынан түсетін құбылмалы кіріс әсер етті. Сонымен бірге, эко­номикалық саясаттағы проб­ле­маларды – Есеп комитеті мен Мемлекет басшысының сынына қарамастан жүзеге асырылып жатқан көптеген мемлекеттік бағ­­дарламаларға қаражатты жұм­сау­дың төмен тиімділігін аттап өтуге болмайды. Сонымен қатар бюджеттік ереже ұзақ кешігуден кейін әзірленді, бірақ әзірге ол тек қағаз жүзінде қалды. Оның айтуын­ша, әлі де болса өздерін таныта алмаған кәсіпорындарды ынталандыру басым. Бұл олар­дың нарықтық экономикаға бейім­дел­уін қиындатады, басқа­ша айт­­қанда масылдық көзқарасын те­­рең­­детіп жібереді. «ШОБ-ты қол­­дауға ба­ғытталған даму бағ­дар­­ламаларын қай­та қарау қажет. Бюд­жет қаржысы жұ­мы­сын жүр­гізіп отырған кәсіпо­рын­дар­ға ба­ғыт­талған кезде ғана бизнес дамиды, экономика дамиды», дейді сарапшы.

 

АЛМАТЫ