• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 01 Қараша, 2023

Алдағы үш күнде елімізде қар жауып, көктайғақ болады

372 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК синоптиктері  2-4 қараша аралығында елімізде қандай ауа райы болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, республиканың солтүстік жартысында күн райы құбылмалы болады. Қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +3+10°С-тан -5+3°С-қа дейін, күндіз +10+18°С-тан 0+8°С-қа дейін төмендейді.

Ал республиканың оңтүстік жартысында кең ауқымды антициклонға байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы түнде -3+5°C, күндіз +10+17°C-тан +15+20°C-қа дейін көтеріледі.

Түнде және таңертең еліміздің барлық аумағында тұман түседі.