Оңтүстік Кореяның Чангвон қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында 50 метрден пневматикалық винтовкамен үш позициядан оқ ату бәсекесі финалында Ұлттық құрама спортшысы Константин Малиновский 590 ұпаймен 5-орыннан көрінді, деп жазады Egemen.kz.
Бұл туралы qaz_olympics инстаграм парақшасынан мәлім болды. Константин Малиновский қоржынға Париж Олимпиадасы жолдамасын салды.
Осы тұста айтайық, нысана көздеуде лицензия жекелеген спортшыларға емес, Ұлттық федерацияға беріледі. Бұл мергендеріміздің қол жеткізген үшінші лицензиясы. Осыған дейін Азия чемпионатында Арина Алтухова, ал жазда әлем чемпионатында алғашқы жолдаманы Ислам Сәтпаев қоржынға салған.
Аталған Азия чемпионатында Париж Олимпиадасының 24 лицензиясы сарапқа салынып жатыр.