• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 01 Қараша, 2023

Қазақстан Президенті Францияның бизнес өкілдерін қабылдады

145 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы қазақ-француз бизнес форумы аясында Францияның бизнес құрылымдарының басшыларымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Lactalis Group компаниясының бас директоры Эмманюэль Беньемен әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы аталған кәсіпорын Қазақстан нарығына 20 жыл бұрын келген алғашқы француз компанияларының бірі екенін атап өтті. Бүгінде бұл кәсіпорынның бірнеше зауыты мен сүт фермалары елімізде табысты жұмыс істеп жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, азық-түлік қауіпсіздігінің жаһандық сын-қатерлеріне байланысты агроөнеркәсіп және азық-түлік өнімдерін өндіру салаларындағы ынтымақтастықтың мән-маңызы артып келеді. Осыған орай Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу ісіне инвестиция тартуды ынталандырады.

Эмманюэль Бенье қабылдағаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, Lactalis Group компаниясының ынтымақтастықты нығайту және Қазақстанда жаңа өндіріс орындарын ашу жоспары бар екенін айтты.