• RUB:
    4.98
  • USD:
    495.95
  • EUR:
    524.37
Басты сайтқа өту
Қоғам 02 Қараша, 2023

Елімізде қандай да бір дінге қатысы бар екенін жасыратындар көбейген

489 рет
көрсетілді

Ұлттық статистика бюросы «2021 жылғы халық санағының» қорытындысын жариялады. Онда  Қазақстан халқының ұлттық құрамы, діні және тілдерді меңгеруі бойынша деректер жарық көрді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Соңғы екі санақ аралығындағы кезеңде исламды ұстанатын халықтың үлесі қатты өзгерген жоқ – 69,3%, христиан діні – 17,2%, буддизм мен иудаизм – 0,1%. Еш дінге сенбейтіндер үлесі 2,8%-дан 2021 жылы 2,3%-ға дейін төмендеді.

Санақ қорытындысы бойынша респонденттердің 11% қандай да бір дінге қатысы барын көрсетуден бас тартқан. 2009 жылғы санақ кезінде мұндай бас тартқандардың үлесі 0,5% болған еді.