• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Мәселе 02 Қараша, 2023

Жол апаты неге жиіледі?

246 рет
көрсетілді

Бүгінде заман ағымын зулаған көлік құралынсыз елестету әсте мүмкін емес. Адам өмірі мен денсаулығына аса үлкен қауіп төндіретін жол апаттары кейінгі кезде жиілеп барады. Жол-көлік оқиғаларының (ЖКО) әлем елдері бойынша қарқынды өсуі алдағы жиырма жылда өлім көреткішін 66%-ға жеткізуі мүмкін деп санайды мамандар. Сөйтіп, табиғи апаттардан болатын өлім көрсеткіштерінің қатарымен теңеспек. Жыл сайын осы тақырыпқа қайта-қайта оралуға мәжбүрміз. Жол қозғалысы ережелеріне қатысты тиісті заңдарды қатаңдатқанымызбен, әзірге оның алдын алуға адамның шамасы жетер емес.

Қаңтар-қыркүйек айлары ара­лы­ғындағы деректерге көз жү­гіртсек, жол-көлік оқиғалары (ЖКО) былтырғымен са­лыс­тыр­ғанда азайғанға ұқ­сай­ды. Респуб­лика бойынша 10 мы­ңға жуық жол-көлік оқиғасы тір­­келіп, былтырғыдан 3,8%-ға төмендеген. Оқиғалардың көбі Ал­маты қаласында болған. Ел­дегі жалпы ЖКО-ның 25,9%-ы немесе 2,6 мыңы Алатау бау­райындағы алып қалаға тиесілі болып шықты. ЖКО бойынша Алматы облысында 961 жағдай (37,6% азайған), Жамбыл облысында 695 оқиға (39,4% азайған) тіркелген. ЖКО-сы ең аз облыс – Ұлытауда 42 оқиға болыпты.

Жыл басынан бері елімізде жол-көлік оқиғалары салдарынан 14 мың адам зардап шеккен. Осы жылдың тоғыз айын­­да елімізде 4,1 мың қыл­мыс­тық-көліктік құ­қық бұ­зу­шылық тіркелген. Жол-көлік оқиғалары бойынша құқық бұ­зушылықтардың 69,5%-ы жол қозғалысы немесе көлік құ­рал­дарын пайдалану ережелерін бұзған 2,9 мың оқиға тіркелген. Тағы 22%-ы көлік құралын бас­қару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйдегі адам­ның көлік құралын басқаруда 902 құқық бұзушылық болған. Көрсеткіштерді былтырғы жылмен салыстырғанда төмендеді десек те, адам өмірі мен ден­саулығы тұрғысынан оны аз, не көп деп бөлуге болмайды. Ата­лып отырған жайттың басты себеп­­­теріне негізінен – көлік құ­ралы­ның техникалық жай-күйі, жүр­гізуші, жаяу жүргінші мен жағ­дайы көңіл көншітпейтін жол жатады.

Қазіргі таңда елімізде 4,7 млн көлік құралы бар. Олардың қан­шасының техникалық жағдайы ой­дағыдай екенін иесінен бас­қа ешкім білмейді. Көлікті техни­калық байқаудан өткізу дегеніңіз – бес мың теңгеге сатып алатын, көліктің толық техникалық жағ­дайын шынайы көрсете ал­май­тын бір жапырақ қағаз ғана екенін бәрі жақсы біледі. Осы ретте көлікті техникалық бай­қаудан өткізудің басқа жолдарын қарастырған дұрыс секілді.

Кеңінен таралған бұл оқиға­лардың себептеріне жүргі­зуші қауымның біле тұра жол ере­желерін өрескел бұзуы, мә­селен, жол қозғалысы белгілерін елемеу, бағдаршамның қызыл бел­гісіне өту кіреді. Одан кейін ара қашықтықты сақтамау, әсі­ресе жол қозғалысының қар­балас уақыттарында үлкенді-кі­шілі жол апаттарына әкеліп соқтырады. Көлік жүргізуде жа­уапкершілікті сезінбеудің ең сорақы түрі – масаң күйінде көлік айдау. Сондай-ақ қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу, жылдамдықты асыру, басқа кө­ліктерді басып озу ережелерін бұзу, зейін қоймаушылық – жол-көлік оқиғаларының ең көп се­бепшісі. Көлік жүргізе отырып, ұялы телефонмен сөйлесу бү­гінде екінің бірінің әдетіне ай­налғаны өкінішті. Рульде отырып, бейнежазбалар түсіру, әлеу­­меттік желіге кіру бүгінде жастың да, кәрінің де сүйікті ісіне ай­нал­ғандай. Ал жолдардың нашарлығына байланысты орын алатын жол-көлік оқиғалары бұл бір басыбүтін бөлек әңгі­ме. Төтенше жағдайларға ұрын­дыратын жол жамылғысы мен ой­дым шұңқырлар, тіпті жа­рық­­­тың жеткіліксіздігі де өз ал­­­дына бір тақырыпқа арқау. Қоз­­­ға­­лысты басқару жүйеле­рі­нің жиі кездесетін ақаулары – адам өмірінің нағыз қас жа­уы. Ашық кәріз құдықтары, жол жа­мыл­ғысының дең­гейі­нен ауыт­қитын люктер, жол белгі­ле­рінің дұрыс қойыл­ма­уынан туындап жататын түрлі жағдайлар және бар.

 «Апаттылықтың жалпы дең­гейінің төмендеуіне қарамастан, Алматы қаласында, Алматы, Жам­был, Түркістан және Жетісу облыстарында жоғары деңгей сақталып отыр. Оған негізгі се­бептердің бірі – жолдар мен ин­­фрақұрылымның жағдайы. Ста­тистика бойынша жол-көлік оқиғаларының 73 пайызы елді мекендерде орын алады», деген еді Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев Үкімет отырысында.

Сонымен қатар жол апатының салдарынан көлік құралына келтірілген шығынды сот арқылы мемлекеттен өтеп алуға болатынын жет­кізген-ді.

«Жол апатының себебі жол­­дың сапасы деп танылса, соның салдарынан жүргізушінің апат­тың алдын алуға мүмкіндігі болмаса, ол сотқа жүгінуге құқылы және бізде осындай фактілер бар. Жүргізушілер көлік пен мү­­лік­ке келтірілген зиян үшін өтем­ақы алады», деген еді министр­дің орынбасары. Сондай-ақ Ұлт­тық жол активтерінің сапа ор­талығы дұрыс қойылмаған жол белгілерінің жол қозғалысына қат­ты әсер ететінін айтқан. Осы ор­­талықты тексеру нә­тиже­ле­рінде жол белгілері мен кө­­ше­лердің таңбалануының жартысына жуығы нормаларға сәйкес келмейтінін анықтаған. Мәселен, тар жолда тұтас жолақтың қо­йылуы – шағын елді мекендерді айт­пағанда, ірі қалаларда да кездесетін жайт. Сонымен қатар бел­гілердің шағылысу деңгейі төмен болса, онда жүргізуші түн­гі уақытта әрекет ете алмай, төтенше жағдай туындауы мүм­кін. Сондықтан жол белгілері мен жолдардың таңбалануына тиісті орындар назар аудару қажет. Аталған оқиғалардан көп зардап шегетін әрі кей жағдайда оқиғаның себепшісі саналатын жаяу жүргіншілер. Рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өту, мас күйінде өту, қараңғы түскенде жолдан өту үшін жарық шағылыстырушы заттарды пайдаланбау, бағдаршамның қызыл түсіне өту, жолды қысқарту үшін жердің астынғы һәм үс­тің­гі өтпелерін пайдаланбау, өзі­­нің қауіпсіздігі үшін қа­ра­пайым сақтық шараларын жаса­мау, мәселен, жолдан өтерде құлақ­қапты шешпеу, телефоннан бас алмай жолдан өтетіндер күн­нен-күнге артып барады. Мұ­ның барлығы жол-көлік оқиға­ларының орын алуына себепші.

Кейінгі кездері қала көшеле­ріндегі самокаттар мен мопед­тердің қатысуымен жол-көлік оқиғалары жиі орын алады. ІІМ дерегі бойынша жыл басынан бері мопедтердің қатысуымен 84 ЖКО тір­келгені, онда бір адам қаза тауып, тағы 86 адам зардап шеккені жөнінде ақпар жарияланды. Былтыр мопедтердің қатысуымен 352 апат орын алған. Соның салдарынан 10 адам қаза тауып, 390 адам жарақаттанған.

Алматы қаласы полиция де­партаментінің бастығы Арыс­тан­ғани Заппаров қалада са­мо­­каттар мен мопедтердің қа­тысуымен болған ЖКО саны арта түс­кенін, Алматы жолдарын­да ең қарапайым есептеулер бойын­ша 50 мыңнан астам мопедтер мен скутерлер бар екенін, жыл басынан бері скутерлердің қатысуымен 25 ЖКО тіркеліп, екі адам қаза тауып, 27 адам жарақат алғанын мәлімдеген еді. Ішкі істер министрлігі скутерлерді пайдалануда біраз шара қабылдап, жас шектеулеріне қарай қорғаныс құралдарын міндетті пайдалану, жолаушыларды тасымалдау бойынша та­лаптар белгіледі. Аталған кө­лік құралдарымен бол­ған жол-көлік оқиғаларында жеңіл авток­өліктердің де кінәсі аз емес. Бар кінәні скутершілерге аудара салу оңай. Көлік жүргізушісі арнайы веложолдар қойылған көшеден оңға бұрылар алдында жаяу жүргіншілер секілді ску­тершілерге де жол беруге тиіс. Алайда жеңіл көлік иелері мұ­ны көп жағдайда ескере бер­мей­тіндігін жеткізген болатын.

Қазіргі таңда жол-көлік оқи­ға­лары адам өлімі мен денсау­лығына зиян келтірудің ең бас­ты себепкері екенін ғалымдар дә­лелдеп отыр. Сарапшылардың есептеуінше, әлем бойынша жол бойында жыл сайын шамамен 1,2 миллион адам немесе күніне 3 мың адам көз жұмады екен. 10-нан 50 млн адамға дейін әртүрлі жа­рақат алып, олардың 20%-ы мүгедек арбасына таңылады. Еліміздегі барлық ЖКО-сы жол қозғалысы ережелерінің қара­пайым қағидаларын білмеуінен, жүр­гізушілер мен жаяу жүр­гін­­шілердің жол тәртібіне ба­ғын­­бауынан және көлік құрал­дарының ақаулықтарынан да, өкінішке қарай, осы жағдайларға себепкер болуда.