• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Қазақстан 03 Қараша, 2023

Әлихан Смайылов Гурбангулы Бердімұхамедовті әуежайдан күтіп алды

162 рет
көрсетілді

Астанаға Түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысы Түрікменстан Халық Мәслихатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов келді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін мәртебелі мейман бақылаушы елдің өкілі ретінде Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммитіне қатысады.

Бұған дейін Қазақстанға Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан және Мажарстан басшылары келген болатын.

Әуежайда Гурбангулы Бердімұхамедовті Премьер-министр Әлихан Смайылов қарсы алды.