• RUB:
    4.98
  • USD:
    495.95
  • EUR:
    524.37
Басты сайтқа өту
Қазақстан 03 Қараша, 2023

Президент Палестинаға қанша қаржы бөлетінін айтты

253 рет
көрсетілді

Бүгін Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Палестинаға гуманитарлық көмек ретінде 1 миллион доллар бөлу туралы шешім қабылдағанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Мемлекет басшысы солтүстікте Ресей мен Украина, Таяу Шығыста Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыс жалғасып жатқанын, Ауғанстандағы тұрақсыздық жағдайын, ал Батыста заңсыз көші-қон проблемасы ушығып бара жатқанын еске салды.

«Бүгінгі таңда Газа секторындағы бейбіт тұрғындар, әсіресе балалар мен қарттар қақтығыстың құрбанына айналды. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты міндет. Осыған байланысты мен Палестина халқына гуманитарлық көмек 1 миллион доллар бөлу туралы шешім қабылдадым», деді  Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оның айтуынша, ондаған жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан өзекті мәселелерді зорлық-зомбылық пен лаңкестік әрекеттер арқылы шешуге мүлдем жол бермеу керек.

«Қазақстан мұндай әдістерді үзілді-кесілді айыптайды. Жағдайдың шиеленісуі ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Осыған байланысты біз кез келген қақтығыстарды тек бейбіт келіссөздер мен дипломатиялық диалог арқылы шешуге шақырамыз», деді ел Президенті.