Қазақстан қор биржасы (KASE) ұсынған деректерге сәйкес, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,81 теңгеге төмендеп, 465,14 теңге болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 63,59 теңге (-0,28) болды.
Ұлттық банк еуро бағамын 497,34 теңге, рубльді 5,05 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 465,1 - 467,7 теңге, еуро 493,5 - 497,5 теңге, ресей рублі 4,95 - 5,13 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Бүгінгі саудада әлемдік мұнай бағасы кқымбаттады.
Мәселен, Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,4%-ға өсіп, барреліне 87,19 доллар болды. Ал WTI мұнай фьючерстері 0,5%-ға өсіп, барреліне 82,87 доллар болды.