Ертеңнен бастап елордада «Үркер» тұрғын алабы – «Нұрлы жол» теміржол вокзалы арасында жаңа №66 бағыт іске қосылады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жаңа бағыт Тәуелсіздік даңғылындағы жаңа көпір арқылы жүреді. Осылайша елорданың оң жағалауы мен сол жағалауы арасындағы көлік қатынасы жақсарады.
Сондай-ақ Үркер ТА мен «Нұрлы жол» теміржол вокзалы арасындағы көліктік байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, Ж.Нәжімеденов, Керей-Жәнібек хандар, Қ.Мұхамедханов көшелерінде орналасқан тұрғын үй кешендеріне көліктік қызмет көрсетуді, сондай-ақ Үркер тұрғын алабы ішіндегі қоғамдық көлікпен қамтуды арттырады.
Айта кету керек, №66 бағдар қолданыстағы № 14, 35, 36, 45, 50, 56 бағдарларының жүктемесін азайтады.