1 қаңтардан бастап ауылға барып, жұмыс істейтін жас дәрігерлерге берілетін үстемақы мөлшері өседі, деп хабарлайды Egemen.kz Qazaqstan.tv ұлттық арнасына сілтеме жасап.
Жас дәрігерлерге 9 млн теңгеге дейін қаржы беріледі. Берілетін қаражат 1500 айлық есептік көрсеткіш көлемінен 2500-ге дейін көтеріледі. Яғни, бұған дейін жас дәрігерлер 5 млн теңге төңірегінде үстемақы алса, енді қаражат көлемі 9 млн теңгеге дейін өсті.
Айта кетейік, аталған үстемақы жас мамандардың баспаналы болуына, жалпы әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған.