• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 07 Қараша, 2023

Исламабадта олжаға кенелді

117 рет
көрсетілді

Пәкістанның бас шаһары – Ислам-­­а­бадта таэквондодан өткен «Asian Open Championship» турнирінен Қазақ­стан­ның ұлттық құрамасы мол олжамен оралды.

G2 санатындағы жарыста жерлестеріміз 13 жүлде жеңіп алды. Тарқатып айтсақ, 5 алтын, 1 күміс және 7 қола медаль олжаладық. Әсіресе, біз +73 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Жансел Дениздің асқан шеберлігіне тәнті болдық. Азия ойындары, құрлық чемпио­наты және Ислам ынтымақтастығы ойын­да­рында екі реттен жеңіс тұғырына көте­ріл­­ген бұрымдымыз барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, алтыннан алқа тақты. Нарғыз Қойшыбекова (46 кг), Мария Севостьянова (57 кг), Жавохирхан Исламов (58 кг) және Нұрай Құсайынова (67 кг) да дәл сондай құрметке бөленді. Ақтық айқасқа дейін алқынбай жеткенімен шешуші тұста жеңіліс тапқан Айдана Еділбаева (46 кг) күміспен күптелді.

Ал Арайлым Асқарова (57 кг), Самирхон Абабакиров (58 кг), Жадыра Хайруллина (67 кг), Диана Әбсенова (73 кг), Бексұлтан Мұсахан (68 кг), Елдар Бірімбай (68 кг) және Нұрбол Ерсайынов (87 кг) қолаға қол созды.